Өзбекстанда Бұхара облысында тағы бір қызды аяусыз ұрып-соғып, шашын кесіп тастаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Podrobno.uz-ға сілтеме жасап.
Бұл оқиға Қаған өңірінде болған. Әлеуметтік желіде тараған видеода үш әйел мен ер адам жылап кешірім сұрап жатқан қыздың шашын кесіп жатқанын көруге болады.
Тергеу барысында қаскүнемдер бейнебақылау камерасын бұзып, ұзақ уақыт араз болған қыздың үйіне алаяқтықпен кіргені белгілі болды. Олар жәбірленушіні жатын бөлмесіне сүйреп апарып, физикалық күш қолданып, шашын қайшымен кесіп тастаған.
Барлық процесті ұялы телефон камерасына түсіріп алған қаскүнемдер "видеоны таратамыз" деп қорқытып, оқиға орнынан бой тасалаған.
Тәртіп сақшылары видеодағыларды ұстады. Олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!