- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Аяусыз соққыға жыққан:...
Аяусыз соққыға жыққан: астаналық бірге тұрған әйелінің үш жасар баласын өлтірген
Астаналық бірге тұрған әйелінің үш жасар баласын өлтірген. Ер адам баланың өліміне әкеп соққан ауыр дене жарақатын қасақана салғаны үшін кінәлі деп танылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Мемлекеттік айыптау бойынша Т. бірге тұратын әйелінің үш жасар баласымен жалғыз қалып, оны әдейі ұрып-соққан деп саналған. Медицина мамандары ер адам трамадолдың әсерінен аяусыз қимылдарға барғанын анықтаған.
Сот процесінде сотталушы бәрін жоққа шығарып, соттан өзін ақтауды сұрады. Алайда судья оның кінәсі жәбірленушінің, маман мен сарапшылардың айғақтары, медициналық-криминалистикалық және сот-медициналық сараптамалардың қорытындылары, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелері және қылмыстық істің басқа материалдары бойынша дәлелденген деп есептеді.
Сот үкімімен Т. Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды, оған 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова