- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Аяп кеттім ғой"....
"Аяп кеттім ғой". Италиялықтар қазының дәміне баға берді
Италиялықтар қазының дәмін татып, баға берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видео TikTok-та пайда болды.
"Дегустацияны Тиволи тумасы (Римдегі провинция), қазақстандық қызға үйленген, төрт жылдан бері Алматыда тұратын Марко Валерио жүргізді", - делінген жазбада.
Видео авторы жергілікті италиялықтарға қазы ұсынып, баға беруін сұрайды.
"Өте дәмді, 10-нан 9"
"Керемет, 10-нан 10"
"Расымен, өте дәмді. Қазақстаннан бар жақсыны әкелген екен. Жаядан да дәмді екен, 10-нан 8"
"Дәмді екен, 10-нан 7", - дейді италиялықтар.
@kak_afonya Дегустацию устроил Марко Валерио - итальянец из Тиволи (провинция Рима), который женат на казахстанке и живет в Алматы уже более четырех лет. #казы #казахскаякухня #италия #дегустация #календарьафони ♬ оригинальный звук - #КалендарьАфони
Желі қолданушылары бұл видеоға қатысты түрлі пікір жазған.
"Оларды аяп кеттім ғой. Егер видео авторы болмағанда қазының дәмін көрмей кететін еді"
"Қазының неден жасалатынын айттың ба?"
"Мына видеоны түнгі 3-те көріп жатып қазы жегім келіп кетті ғой"
"Қазыны ұнатпайтын адам жоқ деп ойлаймын"
"Қаншама қазыны италиялықтар жеп қойды", - дейді Желі қолданушылары.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина