Аянат Жұмағали Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Өзбекстанның Ташкент қаласында ауыр атлетикадан жеткіншектер мен жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Жасөспірімдер арасында Аянат Жұмағали 77 келіге дейінгі салмақта топ жарды. Жерлесіміз қоссайыс қорытындысы бойынша 237 (104+133) келіні еңсерді.

Екінші орынды Өзбекстан өкілі Дильнура Холдорова иеленді: 224 (101+123) келі. Үздік үштікті тағы бір өзбекстандық Дильноза Файзуллаева түйіндеді: 223 (100+123) келі. 

Айта кетейік, бұған дейін Снежана Кашкарова (57 келіге дейін), Бейбарыс Ерсейіт (65 келіге дейін), Ақжол Құрманбек (85 келіге дейін) жасөспірімдер арасында алтын медаль жеңіп алды, жеткіншектер арасында Ксения Прозорова (61 келіге дейін) топ жарды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!