Таразда 13 жастағы қызды құтқарған ер адам марапатталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мән-жайы
Полицияға екі белгісіз адам көлікпен аялдамада тұрған қызды ұрламақ болғаны туралы хабарлама түскен. Жағдайға бей-жай қарамаған азаматтың арқасында олар қызды ұрлай алмаған.
Жамбыл облысы Полиция департаменті мәліметінше, 13 жастағы қызды ұрлауға оқталған күдіктілер ізін суытпай ұсталған.
Қызды құтқарған азамат марапатталды
Жамбыл облысы Полиция департаментінде Тараз тұрғыны Нұркен Омаровты марапаттау рәсімі өтті. Жамбыл облысы ПД бастығы Қайсар Сұлтанбаев тұрғынға ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің, сондай-ақ, жеке өзінің атынан шынайы алғысын білдірді.
"Кейде ерлік лауазыммен де, формамен де өлшенбейді. Ол қиын жағдайда дұрыс шешім қабылдап, көмекке келе алудан көрінеді. Бұл - бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның тыныштығына қосылған үлес", - деді ПД бастығы.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова