- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Аяқты айқастырып отыру...
Аяқты айқастырып отыру неліктен зиян?
Аяқты айқастырып отыруға болмайды - варикоз, тромбоз және артроз пайда болады. Бірақ неліктен біз аяғымызды айқастырып отырғымыз келеді? Остеопатолог дәрігер алдымен оның себебін түсініп алу керегін айтады, - деп хабарлайды doctorpiter.ru.
Егер аяқты айқастырып отырсаңыз, онда басқалармен байланысқа түскіңіз келмейді деген сөз. Психологияда бұл өзіңізді бүкіл әлемнен оқшаулағыңыз келеді дегенді білдіреді.
Бірақ дәрігерлер мұны мүлде басқаша түсіндіреді. Мысалы, остеопат дәрігер аяғын айқастырып отыратын адамның денсаулығы қандай болатынын түсіндірді.
"Бір жағынан, аяқты айқастырып отыру қан тамырларының қысылуына әкелуі мүмкін, салдарынан аяқ пен жамбастағы қан дұрыс айналмайды. Қан айналымының бұзылуынан басқа, омыртқа да қисаяды, ал үстіңгі аяқ жансыздана бастайды. Тамырлар ғана емес, сонымен қатар, тізе астынан өтетін жүйкелер де қысылады", - дейді остеопат Владимир Животов.
Дәрігердің айтуынша, ағза осылай отырудың арқасында ішкі құрылыста бұзылған жасушаның орнын толтыруға ұмтылады. Демек, аяқты айқастырып отыру зиян деген біржақты пікір де дұрыс емес. Мәселе аяқты айқастырып отыруда емес, солай отыруға деген құштарлықта жатыр.
Мұндай қалыпта отыруға деген ұмтылыс - 100 пайыз сколиоз белгісі.
"Аяқты айқастырып отырудың зиянды екенін білсеңіз де, өзіңізді не балаңызды бұлай отырмауға үйрете алмайсыз. Үнемі қалай отырғаныңызға назар аударып, ерік-жігеріңізден тыс отыра алмайсыз. Назарыңыз сәл тайып кетсе, дене қайтадан ыңғайлы қалыпқа ауысады. Егер ұзақ уақыт назарда ұстап, өзіңізге ыңғайлы отыруға мүмкіндік бермесеңіз, арқаңыз ауырып, өзіңізді жайсыз сезінуіңіз мүмкін", - дейді Владимир Животов.
Дәрігер ағзаға зиян келтіретін аяқты айқастырып отырудан құтылу үшін арқаны емдеуге кеңес берді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек