Күннің жылынып келе жатқанына көпшілік қуанады. Бірақ бұл кезде кей адамдарды аяқ тершеңдігі секілді жағымсыз сезім мазалайды. Одан қалай арылуға болады? Бұл сұраққа "Womanhit"-ке дерматолог Ирина Куроедова жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Тер бөліну – ауа қызғанда немесе физикалық жүктемелер ішкі температураны арттырғанда ағза салқындауының табиғи әдісі. Аяқтың терлеуі – қалыпты жағдай. Бірақ оның қатты тершеңдігі табан гипергидрозы деп аталатын медициналық жағдайдың бір белгісі болуы мүмкін. Бұл ыңғайсыздық сыйлап қана қоймай, жағымсыз иіс пен сүйелдің пайда болуына ықпал ететін микроағзалардың дамуына әкелуі мүмкін", - дейді дерматолог.
Аяқ тершеңдігімен күресудің бірнеше әдісі бар:
Аяқты таза және құрғақ етіп ұстаңыз
Бұл айқын нәрсе болып көрінуі мүмкін, алайда аяқ тершеңдігімен күресті оны барынша таза және құрғақ етіп ұстаудан бастау қажет.
"Аяғыңызды күнде антибактериалдық сабынмен жуыңыз және жақсылап кептіріңіз", - дейді Ирина.
Кептіруге аса мән берген жөн. Себебі ылғал бактериялар мен саңырауқұлақтың көбеюіне ықпал етеді.
Ылғал сіңіретін шұлық киіңіз
"Мақта, бамбук секілді табиғи маталардан немесе ылғал сіңіретін синтетикалық материалдардан тігілген шұлық таңдаңыз. Нейлон немесе басқа да синтетикалық материалдардан тігілген шұлықтан бас тартыңыз. Сондай-ақ шұлықты күніне ең болмағанда бір рет ауыстырыңыз", - дейді дерматолог.
Ауа өткізетін аяқ киім таңдаңыз
Дерматолог жел өткізетін және табиғи материалдардан тігілген аяқ киім таңдауға кеңес берді.
"Аяқ киімді ауыстырып кию – жақсы идея, себебі ол аяқ киімнің кебуіне уақыт береді және жағымсыз иіс тудыратын микробтардың дамуына мүмкіндік бермейді", - дейді ол.
Ылғал сіңіретін ішпек қолданыңыз
Аяқ киім ішіне ылғал сіңіретін ішпек салып жүруге болады.
"Ағаш көмір немесе кедірден жасалған арнайы ұлтарақтар немесе ішпектер жағымсыз иіспен күресуге және ылғалды сіңіруге көмектесуі мүмкін", - дейді Ирина.
Халықтық әдістер
Антиперспиранттар қолданыңыз
Аяққа арналған антиперспирант-спрейлер немесе антиперспирант-майлықтар бар. Олар аяқ тершеңдігімен күреседі.
Ботокс қолданып көріңіз
Ботокс тек әжімге қарсы қолданылмайды. Бұл кең тараған инъекциялық препарат тер бездеріне өңдеуді бастау керегін хабарлайтын ацетилхолиннің босап шығуын бұғаттауға пайдалы.
"Қатты терлейтін аймақты ектіресіз. Ботокс сізді терлеуге мәжбүрлейтін жүйкелерді бұғаттайды", - деп түсіндірді дерматолог.
Оқи отырыңыз: Тершеңдікті егу арқылы кетіруге болатынын білдіңіз бе? Косметолог маңызды сұрақтарға жауап берді