Аяғыңыздың сымбатты және әдемі болуына жақсы генетика, жаттығулар және күтім әсер етуі мүмкін. Сондай-ақ салауатты өмір салтын сақтау маңызды. Егер аяқ сұлулығын ұзаққа дейін сақтағыңыз келсе, мына әдеттерден арылыңыз.
Аяқты ескі ұстарамен қыру
Ұстараны әр 5-7 рет қолданған соң ауыстыру керек және оның аз дегенде 4 жүзі бар түрін алу керек. Сондай-ақ теріні құрғатпайтын сапалы көбік пайдалану керек. Ұстараны әр қолданып болған соң жақсылап жуып, арнайы ыдысына салып қою керек. Әйтпесе, аяғыңызда жағымсыз қызыл нүктелер пайда болады және түк жылдам өсіп кете беретін болады.
Күні бойы отыру
Қозғалыс болмаса, қанайналым баяулайды, ол оның тұрып қалуына, нәтижесінде варикозға және ісінуге әкеледі. Сондықтан әр сағат сайын үзіліс жасаңыз, арасында серуендеп келіңіз және отырып тұру секілді жеңіл жаттығулар жасаңыз.
Аяқ терісін ылғалдандырмау
Аяқ терісіне де күтім керек. Скраб қолданып, өлген жасушалардан арылыңыз. Содан соң қоректік крем жағыңыз. Әсіресе, ыстық ваннаға түскенді жақсы көретіндер аяқ терісін жиі ылғалдандыруы керек.
Аяқты бірінің үстіне бірін қойып отыру
Аяқты айқастырып, бірінің үстіне бірін қойып отыру көпшілік әйелдің әдетіне айналған. Алайда мұндай күй жамбас көктамырлары мен тамырларына жоғары қысым түсуіне ықпал етеді. Бұл қанайналымға әсер етіп, оны баяулатады.
Жараларға мән бермеу
Кейде аяқты ұстара кесіп кетеді, маса шағып алады немесе бір жерге жырып аласыз. Жараға қарай одан кішкентай немесе үлкен тыртық қалады. Көпшілік аяқтағы мұндай жараларға аса мән бермейді. Алайда оны бірден қажет құралмен емдеу керек.