- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Аяқ-киімдері киюге жарамсыз"....
"Аяқ-киімдері киюге жарамсыз". Мүгедек баласынан айырылған Ердос Қанаевтың әйелі мемлекеттен берілетін көмек жайлы айтты
"Жігіттер" квартетінің әншісі Ердос Қанаевтың әйелі Айдана Мейірбекова "Айтарым бар" бағдарламасына берген сұхбатында мемлекеттен мүгедек балаларға берілетін көмек жайлы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Айдана Мейірбекова тұңғыш баласы мүгедек болып туылғанын айтты. Оның жағдайы өте ауыр болған. Баласынан айырылған ана еліміздегі мүгедектермен жұмыс істейтін мамандар шетелден тәжірибе алып келсе, бұл салада жақсы өзгерістер болар еді дейді.
"Мұндай балаларға мүгедектік тағайындағаннан кейін жылына бір рет әлеуметтік көмек беріледі. Яғни, жөргек, аяқ киім береді. Ол ештеңені өтемейді. Мемлекет берген аяқ киім балаға жарамайды. Біз ол жағынан өте төмендеміз. Біз тек жөргегін алып, аяқ киімін аламыз. Ол киюге жарамайды. Ондай аяқ киімді соны істеген адамдарға беріп, кигізіп көру керек, жүріп көрсін. "Қолыңнан келмесе де ұқсап бақ" демекші, болады, бірақ бізге әлі де даму керек. Біздің сондай жерде жұмыс істейтін мамандарды шетелге апарып оқытса, күшті болар еді деп ойлаймын. Үкіметтен қаржы бөлінсе, тәжірибе алып келсе, бізде жақсы өзгерістер болар ма еді деп ойлаймын.
Мемлекеттен жылына бір рет санаторияға жолдама береді. Ол жерде ЛФК, иппотерапия, бассейн болады. Мүгедек балаларға арналған орталықтар болады. Сондай жерлерге 10 күнге тегін жолдама береді. 10 күнге ауруханаға жатқызады. Жылына бір-ақ рет берілетін сондай көмектері бар", - деді Айдана Мейірбекова.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Жапатова