Продюсер Гүлзира Айдарбекова күйеуін пышақтап кеткен кезді еске алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Гүлзира Айдарбекова Instagram-парақшасында айтты. Продюсер жесір қаламын ба деген қорқынышы болғанын айтады. Оған себеп - әлдекімдердің оның күйеуін пышақтап кетуі.
"Қайрат бес айлық болған кезде, Нұртасты тәжірибеден өтуі үшін Павлодар қаласына алып кетті. Ол кезде күйеуім әлі оқитын. Сол кезде 25 бала болып, дискотекаға барған. Жергілікті жердің 50-60 баласы бұларға жабылады. Олардың қолында пышақ болған. Сол жерде Нұрекеңе пышақ сұғады. Ойлаңызшы, аяқ астынан сізге хабарласып, "Күйеуің пышақталды" дейді. Күйеуімнің не өлі, не тірі екенін білмеймін. Осымен жесір қаламын ба деп ойладым", - дейді Айдарбекова.
Продюсер күйеуіне көмектесу үшін бес айлық баласы Қайратты Шымкентке салып жіберген.
"Содан Нұрекеңе көмектесемін деп шештім. Бес айлық Қайраттың тамақтарын дайындап, қайын ініме тапсырып, Шымкентке салып жібердім. Солай күйеуіме ұштым", - деді Гүлзира Айдарбекова.
Сол кезде Айдарбекова күйеуі тірі болса екен деген бір ғана ой болғанын айтады.
"Барғаннан кейін есін енді жинап жатыр ғой. Қолымды ұстап отырды. Бір кезде есіме түсіп кетті, қолында неке жүзігі жоқ. Түсінбей қалдым да бірден денем суып кетті. "Неке жүзігің қайда?" деп сұрап едім айтып үлгерген жоқ, қолымнан лақтырып жіберді да орнымнан атып тұрсам қолымнан ұстай алмай қалды. Ашуланған күйі шығып кеткенмін ғой. Сөйтсем сыртқа шыққан соң достары "қансырап жатқаннан кейін неке жүзігі, сағатының бәрін шешіп алдық қой" дейді. Сөйтіп ұялып, қайтадан келдім ғой", - дейді Гүлзира Айдарбекова.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!