ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, әнші Медеу Арынбаев "Podcast Urpaq" жобасына берген сұхбатында марқұм анасының сырқаты туралы айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі анасының екі бүйрегі бірдей істен шыққанын айтты.
"Анамыз ауырып қалды. Аяқ асты екі бүйрегі істен шықты. Енді бұл баяғы, біздің бала күніміздегі сырқаты, ішкен дәрісі бүйрекке, бүкіл ағзаға әсері тиген екен. Алты жылдан кейін қарасақ, аяқ асты анамыздың ахуалы нашарлап, әлсірей бастады. Ауруханаға апарсақ, асқынып кетіпті. Ал күніне гемодиализге тасыдық. Бір жылдан астам уақыт бойы қарадым, бақтым-қақтым, қолымнан келгенше бүкіл жағдайын жасадым. Қанша дегенімен аяулы анам, еркек емес, үйге медбике жалдадық. Қарындасыма мың да бір алғыс, басқа бауырларым бір төбе, қарындасым алдымен ауруханада болды, сосын үйде жанында болды. Бір жылдан асқанда дүние салып кетті", - деді әнші.
Тағы да оқи отырыңыздар: «Ай» сөзі бар ұл есімдері
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!