- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Аяғыңыздан байқауға болатын...
Аяғыңыздан байқауға болатын бұл белгі бауыр жұмысы бұзылғанын білдіруі мүмкін
Бауыр ағзадан қалдықтар мен улы заттарды шығарады, сондай-ақ тағамның құнарын энергияға айналдырады. Ал орган жұмысының бұзылғанын аяққа қарап білуге болады. Бұл туралы дәрігер Эрик Берг айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маманның сөзінше, аяқтағы мына 5 ескерту белгіге аса назар аудару керек:
- қызыл немесе қоңыр дақтар;
- аяқ немесе тырнақ аймағындағы терінің қышуы;
- тобық айналасындағы көрінетін тамырлар;
- құрғақ және жарылған өкше;
- тырнақтар пішінінің өзгеруі (қалыңдау, сыну, ақ сызықтар).
Сонымен қатар, бауырдың зақымдалғанын ісіну, шаршау, оң жақ қабырға астындағы ауырлық сезімі, тілдегі сары өңез, тамаққа келетін қышқыл дәм, жүрек айну мен құсу, тәбеттің төмендеуі көрсетуі мүмкін.
Осы белгілердің бірнешесін байқасаңыз, уақыт созбай бірден медициналық көмекке жүгінген абзал.
Айта кетейік, бұған дейін дәрігер бауыр жұмысын жақсарту үшін қандай тағамдар жеу керегін айтқан болатын.
Невролог Ұлжалғас Сманова бауыр жұмысын жақсарту үшін рационға мына өнімдерді қосуға кеңес берді:
- Қырыққабат тұқымдастар (барлық қырыққабат түрлері, сельдерей, қызылша, кәді, асқабақ, пияз);
- Көк шөптер (салат жапырағы, аскөк, ақжелкен, руккола, жалбыз, базилик, жасымық);
- Майлар (зәйтүн майы, кокос майы, сүт ошаған майы, зығыр майы);
- Сусындар (шөп шайлар, көк шай, цикорий, бақбақ тамырынан қайнатпа);
- Күріш, бұршақ тұқымдастар;
- Ешкі сүтінен айран, йогурт, ірімшік;
- Дәмдеуіштер (куркума, шафран, сафлор, лавр жапырағы, фенхель дәні, тмин, кориандр).
Тағы да оқи отырыңыздар: Сары түсті заттарды неліктен сыйлауға болмайды?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Б. Жұмаділлә