Аустралияның Бичпорт қаласындағы жағажай маңында акула әйелге шабуыл жасаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ABC News-ке сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, акула әйелге екі рет шабуыл жасаған: алдымен аяғын тістеген, кейін тағы да шабуылдаған.
Әйелдің судан шығуына басқа жүзушілер көмектескен, олар жедел жәрдем қызметкерлері келгенше әйелге алғашқы медициналық көмек көрсеткен.
Әйелдің жамбасы жараланып, қолы кесілген. Ол ауруханаға жатқызылды. Қазір оның жағдайы тұрақты.
Жергілікті тұрғындар Сильвана мен Мишель Джевелл дүйсенбіде таңертең жағажайға түсіп, біреудің "айқайлап, көмек сұрап жатқанын" естіген.
"Алғашында біз оны достарына қол бұлғап жатыр деп ойладық, содан кейін не болғанын түсіндік", - деді Сильвана Джевелл.
Олардың айтуынша, бұл жағажайда акула бұрын болмаған.
Еске салайық, бұған дейін Галапагос аралдарында акула америкалық медбикеге шабуыл жасап, аяғынан тістеп алғаны туралы хабарланған еді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Суды қалай үнемдеуге болады?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!