"Аяғын сәл ақсап басады". Павлодарда бір ай бұрын үйінен шығып кеткен әйел табылмай жатыр
Фото:
Vita еріктілерінің парақшасынан
Нұргүл Бектұрсынова 11 қараша күні Байкальская көшесінде орналасқан үйінен шығып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Vita еріктілерінің айтуынша, бүгінде оның қайда екені беймәлім. Бойы – 165 сантиметр, көздері қоңыр, шашы қара. Аяғын сәл ақсап басады.
Қара-қызыл түсті күртеше, қоңыр спорттық костюм, қара бәтіңке киіп кеткен.
"Егер де оны көрген адамдар болса немесе оған қатысты қандай да бір ақпарат болса, еріктілерге келесі нөмірлер бойынша хабарлауды сұрайды: +7 (747) 615 55 63 (Катерина), 8(777)3348201 (Светлана)".
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан