- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Аяғымнан ұстап, құтқарып...
"Аяғымнан ұстап, құтқарып қалды". Желіде 7-қабаттан құлай жаздаған әйелдің видеосы тарады
Астанада әйел өртенген пәтердің балконынан секіремін деп құлап кете жаздады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қалалық ТЖД-ға сілтеме жасап.
10 шілдеде сағат 2:00-де елордалық ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Шолпан Иманбаева 8 мекенжайына шықты. Өртсөндірушілер 7-қабаттағы пәтерде үй заттары мен жиhаздар өртеніп жатқанын анықтады. Өртсөндірушілер 7-қабатта балкон арқылы құтқарылмақ болған әйелге қол ұшын берді. Өрт сағат 2:25 минутта толығымен сөндірілді. Өртті сөндіруге Астана қаласы ТЖД 12 адамы және 3 бірлік техникасы жұмылдырылды.
Құтқару операциясын жүргізген: 2-МӨСБ бөлімше командирі Бағлан Бекшенов және 2-МӨСБ жүргізуші-қызметкері Қадір Өмірзақов.
"Өрт шыққанда балконнан секіруге мәжбүр болдым. Бағлан мен Қадір мені құтқарып қалды. Олар мені 6-қабаттан аяғымнан ұстап, құтқарып қалды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек