Ақмола облысында құтқарушылар тауға шыққан туриске көмектесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ТЖМ баспасөз қызметі мәліметінше, құтқарушылар 900 метр биіктегі таудан аяғы жарақаттанған адамды түсірген.
"Түнде Ақмола облысында таудан түсу кезінде 1986 жылы туған ер адамның аяғы тайып кетіп, жарақаттанған. Оның жанында досы болған. Тез арада жеткен құтқарушылар алғашқы медициналық көмек көрсетті және оны 900 метр биіктен түсіріп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды", - деп жазылған хабарламада.
ТЖМ таудағы қауіпсіздік шараларын сақтау қажет екенін еске салады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!