- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Аяғы эскалаторға қысылып...
"Аяғы эскалаторға қысылып қалған". Орал тұрғыны сауда орталығында жарақат алды
Оралдағы сауда орталығында әйел жараланып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.
Оқиға 25 желтоқсанда сауда ойын-сауық орталығында болған. БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәліметіне қарағанда, қоңырау сағат 10.03-те түскен.
"Оң аяғының үштен бір бөлігі жыртылып, жарақаттанған 1982 жылғы әйел облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Аяғы эскалаторға қысылып қалған", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.
Бұл ақпаратты полиция да растады.
"Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға келушінің өз абайсыздығынан болған. Қазіргі уақытта полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр", - деді БҚО ПД баспасөз қызметі өкілдері.
Сауда орталығының әкімшілігінен ақпарат алу мүмкін болмаған. Операторлар басшылық қазір жоқ екенін айтып, дүйсенбіде қайта хабарласуды өтінген.
Бұл ретте оқиға куәгерлері "МГ" редакциясына сауда орталығындағы жартылай бөлшектелген эскалатордың суретін жолдаған. Алайда, оқиғаның дәл сонда болған-болмағаны әзірге белгісіз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан