Танымал әнші Төреғали Төреәлінің әйелімен түскен бейнежазбасы көпшіліктің қызу талқысына түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желідегі парақшасында өнер иесі жарымен түскен бейнежазбасын жариялады. Ал көпшілік олардың жасырған жаңалығын жазып, қызу талқыға салды.
"Саулығымызға не жетсін саламатымызға,
Жақсылық жасап жарыссақ жамағатымызға.
Жаратқан Жаппар иеміз береке бергей
Қайрымдылыққа жұмсалған қаражатымызға.
Құрмет көрсетіп бәріне мына жалғаннан
Қиянат қылмай өтсек қой аманатымызға!", - деп жазды ол.
Желі қолданушылары "Алла бәрімізге осындай иманды, ақылды, сүйкімді келін берсін! Оның жолы болды", "аяғы ауыр Толқынның ия", "аман-есен босанып алсын", "Тіл-көзден сақтасын", "керемет, жарасымды жұп", - деп жарыса жазды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!