Абай облысындағы Аягөз ауданында алапат өрт шығып, қала жарықсыз қалды. Аудан әкімдігі бұл жайтқа қатысты ресми мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әкімдіктің мәлімдемесі Abai news телеграм-арнасында пайда болды.
"Аягөз қаласындағы орталықтандырылған электрмен жабдықтау қосалқы станциясында шамамен 23:20-да болған өртке байланысты қазіргі уақытта қалада жарық толықтай өшірілді. Қазіргі таңда қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Қалпына келтіру жұмыстары аяқталғаннан кейін келесі ауылдық округтерде электрмен жабдықтау толық қалпына келтірілген: Баршатас, Мәлкелді, Емелтау, Мәдениет, Байқошқар, Қосағаш, Мыңбұлақ, Нарын, Өркен, Бидайық, Айғыз, Ақшаулы, Ақтоғай, Қопа және Тарлаулы.
Алайда Аягөз қаласында, сондай-ақ Тарбағатай, Қарағаш, Майлин, Сарыарқа, Ақшатау, Мамырсу және Ақши ауылдық округтерінде электрмен жабдықтау уақытша тоқтатылған.
Аудан әкімдігі электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстарының жалғасып жатқанын хабарлады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!