- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Аягөзде төрт баласынан...
Аягөзде төрт баласынан айырылған отбасыға қандай көмек берілді? Әкім жауабы
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев елордадағы есеп беру брифингінде Аягөзде өрт салдарынан төрт баласынан айырылған отбасыға қандай көмек көрсетілгенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Осы қайғылы жағдай болғанда ең бірінші аудан әкімі, менің бірінші орынбасарым сол отбасының қасында болды. Толығымен көмек көрсеттік. Қазір оларға уақытша екі бөлмелі пәтер бердік. Бұл пәтер тұрмыстық техникамен, жиһазбен толық жабдықталған. Желтоқсанда өздерінің қалауымен Өскеменнен екі бөлмелі пәтер беріледі. Себебі олар Өскеменде тіркеуде тұр. Осындай көмек көрсетілді, әлі де қажетті көмекті көрсетіп жатырмыз", - деп жауап берді Нұрлан Ұранхаев Орталық коммуникациялар қызметінде тілші сауалына.
Еске салайық, Аягөзде өртенген үйден 4 баланың денесі табылған еді.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова бұл балалардың үйде жалғыз қалғанын айтқан еді.
Сондай-ақ, ҚР Бас прокуратурасы Аягөздегі 4 баланың өліміне қатысты тергеу басталғанын хабарлады.
Мұратбекова Жадыра
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз