Аягөзде шетелдік жолаушылар аяз кезінде жолда қалып қойған

Аягөзде аязда жолда қалған Моңғолия жолаушыларына полиция қызметкерлері көмек қолын созды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы-Өскемен тасжолындағы қатты боран салдарынан Моңғолиядан Алматыға бағыт алған жолаушылар автобусы Аягөз қаласында аялдауға мәжбүр болды. Автобуста 23 жолаушы, оның ішінде 19 моңғолиялық және 4 қазақстандық азамат болған. Олардың бірі кәмелетке толмаған жасөспірім. Қала полицейлері жолда қалған адамдарға көмек көрсетіп, спорт мектебінде орналасқан жылыту пунктінен жайлы орын ұсынды. 

Алайда жолаушылар автобус ішінде қалуды құп көрді. Суықта қауіпсіздікті сақтау мақсатында автобус жанында кезекшілік атқарып, көмек көрсетуге дайын полиция бекеті орнатылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!