Аягөзде жеңіл автокөлік жүргізушісі полиция қызметкерін қағып өлтірген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" сілтеме жасап.
Шетелдік көлік жүргізушісі тізгінді басқара алмай, жаяу жүргіншіні қағып кетті. Алдын ала мәліметтер бойынша, жаяу жүргінші жол бойымен жүріп келе жатқан. Ал жымдамдықты асырған жеңіл көлік адамды жақын маңдағы дүкеннің қабырғасына дейін ұшырып жіберген.
Қаза тапқан азамат аудандық полиция бөлімінің 35 жастағы тергеушісі болып шықты. Рөлде 34 жастағы жергілікті тұрғын болды. Қазір жүргізуші изоляторда. Оған қозғалыс ережелерін бұзу және адамның өліміне әкеп соқтырған мас күйінде көлік жүргізу жүктелген.
Тағы да оқи отырыңыздар: 1 жасқа толмаған балаға не жеуге болмайды?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!