- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ШҚО жылу Аягөз
Аягөз тұрғындары қала қысқа дайын емес екенін айтты
Аягөзде жылу беру жүйесі апат жағдайында тоқтатылды. Жергілікті тұрғындар пәтерлерінде батареялар суып кеткенін, қала қысқа дайын емес екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
16 қазан күні түстен кейін жылу магистралінде апат болды, салдарынан Аягөз тұрғындары жылусыз қалды.
"Қазір қазандықтар жұмыс істеді. Апат 16:00-де толығымен жойылды", - деді облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің өкілі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сондай-ақ өңір әкімдігінің мәліметінше, 16 қазанда сағат 23:00-ге дейін бүкіл қалаға жылу беру қалпына келтірілген. Температура біртіндеп көтеріле бастап, таңертең 50 градусқа жеткен.
Алайда әлеуметтік желіде Аягөздегі аудандардың бірінде түсірілген видео тарап жатыр. Жергілікті тұрғын қазандық әлі күнге дейін толық жұмыс істемегеніне наразылығын білдірді. Қала көшелерінде қазылған жерлерді көруге болады, мұнда коммуналдық қызметтер қыркүйек бойы жөндеу жұмыстарын жүргізген. Аягөз тұрғындарының айтуынша, осы уақыт ішінде қала тұрғындарының пәтерлері жылымаған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Аягөз тұрғындары қала жылыту маусымына дайын емес екенін мәлімдеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Абай облысының әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, Аягөзде жылу желілері бойынша барлық жұмыс толық көлемде орындалған.
"Барлық нысан жылумен толық қамтамасыз етілген. Әлеуметтік маңызы бар нысандарға орталықтандырылған жылу беру 5 қазанда басталды, тұрғын үйлер 15 қазанда қосылды", - деді Абай облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының өкілі.
Өңірдің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының деректері бойынша биыл облыстық бюджеттен Аягөз қаласының 4,2 шақырым жылу трассасын жөндеуге 302,4 миллион теңге бөлінді. Алайда мердігерлік ұйыммен келісімшарт 2024 жылғы 4 тамызда ғана жасалған.
Еске салайық, бұған дейін Саран тұрғындары жылусыз қалды. Кейін Үкімет отырысында Саран қаласында жылу беру маусымының басталуы туралы мәселе күн тәртібінен тыс қаралып, премьер-министр әкімге қатаң ескерту жасады.
Бүгін Сарандағы барлық үйге жылу берілгені белгілі болды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова