- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Автомат, аңшы мылтығын...
Автомат, аңшы мылтығын заңсыз сақтағандар ұсталды
Түркістан облысында полиция заңсыз сақталған қаруды тәркіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Соның ішінде Ак-47 автоматы тәркіленді.
"Түркістан облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру шаралары нәтижесінде Сайрам, Түлкібас және Бәйдібек аудандарында қаруды заңсыз сақтау деректерін анықтады", - деп Түркістан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманбек Сахов брифингте мәлімдеді.
4 тұрғынды тінту барысында АК-47 автоматы, 3 мылтық карабині, 2 аңшылық мылтық, травматикалық тапанша, түрлі калибрлі патрон, жабайы арқар мүйізі және басқа да заттай дәлелдер тәркіленді.
Қаруды заңсыз сақтау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Күдіктілер қамалды.
"Оқиғаның мән-жайы мен күдіктілердің қару-жарақ пен оқ-дәрілерді қандай мақсатта сақтағаны анықталып жатыр. Тергеу жүргізіліп жатыр", - деді Сахов.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова