Қостанай облысы ПД ҰҚҚІҚБ қызметкерлері Рудный қаласының аумағында бопсалаумен айналысқан қылмыстық топты ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Рудный қаласының екі тұрғынына күш қолданып, моральдық қысым көрсеткен адамдар тобы автокөліктер, мотоцикл, қарда жүретін көлік, сондай-ақ iPhone 15 маркалы 5 телефон және ақша қаражатын бопсалағаны туралы ақпарат алынды. Осылайша олар жалпы сомасы 12 млн теңгеге материалдық шығын келтірді.
Тінту барысында олардан: пышақтар, сигналдық тапанша, оқу гранатасы, автокөлік, ақша қаражаты және қылмыстық іс бойынша басқа да заттай дәлелдемелер алынды. Тергеу мүддесі үшін өзге де мәліметтер жария етілмейді.
Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!