- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Автобустың әйнегін сындырған...
Автобустың әйнегін сындырған астаналық қамауға алынды
Автобустың алдыңғы әйнегін сындырған астаналық тұрғын 15 тәулікке қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 16 қарашада таңғы сағат 05:50-де болды. Иманов көшесінде ер адам автобустың алдыңғы әйнегін сындырды.
Елорда полицейлері құқық бұзушыны дереу ұстады. Ол қаланың 34 жастағы тұрғыны болып шықты.
Ер адам "ұсақ бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімі бойынша 15 тәулік мерзімге қамауға алынды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина