Автобустарға арналған жолақтар Астанада да пайда болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Көлік және автомобиль жолдары басқарма басшысының орынбасары Әбдіхамит Тамабаев Астана әкімдігіндегі баспасөз конференциясында кептелістерді азайтау мәселесінде қоғамдық көліктерге арналған жолақ жасау бойынша жұмыстардың жүргізіліп жатқанын түсіндірді.
Астана LRT компаниясының көлік жөніндегі директоры Рустам Халиев сынама жобаның 2015 жылдың тамыз айында жүзеге асырылатынын қосып айтты.
"Көлік жоспарлауы, сараптамасы жүргізілді. (...) Осылайша, сынама жоба жасалып жатыр, сол арқылы бізде екі орын бар: Тілендиев-Бөгенбай даңғылы, Момышұлы даңғылы. Бірінші учаскенің ұзындығы - 6, 32 шақырым; екіншісі шамамен 4 шақырым. (...) Тек қоғамдық көлік қозғалысына рұқсат берілетін жолақ белгіленді. 2015 жылдың тамыз айында енгізіледі", - деді Халилев. Оның айтуынша, бұл жолақтарда жеке авткөліктерге жүруге тыйым салынады.
Еске салайық, Алматыда арнайы жолақ Абай даңғылының бойында Момышұлы көшесінен Достық даңғылына дейін сызылды. 2015 жылдың 15 маусымынан бері арнайы жолақпен жүрген жеңіл автокөліктерге айыппұл салына бастады.