Алматыда қалта ұрысы мен ұрланған телефондарды сатып алушы ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қалта ұрысы қарбалас уақытта қоғамдық көлік жолаушыларынан ұялы телефон ұрлаған. Сонымен қатар ұрланған телефондарды сатып алушы да ұсталды. 15 телефон тәркіленді.
"Қылмыскер қамауға алынды", - деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.
Айта кетейік, жыл басынан бері криминалдық полиция қызметкерлері республика бойынша 417 қалта ұрысын ұстады. Оларға қатысты 461 қылмыстық іс қозғалды. 21 қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды, 38 ұры құрықталды.
"ІІМ қалта ұрлығын жасағаны үшін үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске салады", - деді полиция полковнигі.
Еске салайық, биыл ұялы телефон ұрлығы 31,2 пайызға төмендегені (10 051-ден 6 919-ға дейін) хабарланды.
Ұялы телефон ұрлығының ең көбі Алматыда (1 989) және Астанада (669), ең азы Ұлытау облысында (54) тіркелген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!