- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Автобуста зейнеткерге араша...
Автобуста зейнеткерге араша түскен қыз тәртіп сақшысы болғысы келетінін айтты
Автобуста зейнеткерге араша түскен қыз тәртіп сақшысы болғысы келетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жаннұр Нұржан оқу жылының басында Алматыдағы қоғамдық көлікте жасаған игі әрекетінің арқасында танымал болды. Сол кезде қыз тосап құмырасы сынып қалған зейнеткерге көмектескен еді.
"Бұл әрекет жерлестерімізді, қала тұрғындарын бей-жай қалдырмады. Қыз баланың бұл әрекеті жақсы тәрбие мен дұрыс өмірлік ұстанымдар өмір жолында игі істерге жетелейтінін көрсетті. Жаннұр - қалалық қаржы-экономикалық колледжінің 2-курс студенті. Біз оны ҚР ІІМ Алматы академиясына қонаққа шақырдық. Қыз гидті қызығушылықпен тыңдады, киберзертханаға барды және ведомстволық университет туралы маңызды тарихи деректерді білді", - деді Алматы қалалық ПД ЖПҚБ ювеналды полиция бөлімінің бастығы Жанна Шонжанова.
Жаннұр Нұржан колледжден кейін қайда оқуға түскісі келетінін айтты.
"Маған бұл кездесу өте қатты ұнады. Колледжді бітірген соң ҚР ІІМ Алматы академиясына оқуға түсіп, қазақстандықтардың қауіпсіздігі үшін қызмет етемін деп ойлаймын", - деді Жаннұр Нұржан.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек