- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Автобуста газ баллоны...
Автобуста газ баллоны жарылып, 24 адам зардап шекті
Өзбекстанда Қашқадария облысы Мүбарек ауданында автобустың газ баллоны жарылып, бірнеше адам зардап шекті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі podrobno.uz-ға сілтеме жасап.
Оқиға 15 қазанда сағат 16:50-де болды. Бұл уақытта ішінде жолаушылары бар автобус "Қаршы - Бұхара" бағытымен кетіп бара жатқан.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, зардап шеккендердің саны 24 адамға дейін жеткен.
"Апат салдарынан автобус пен адамдарға үлкен зиян келді. 15 қазанда сағат 17:30 шамасында Мүбарек аудандық ауруханасына 24 науқас жеткізілді. Олардың 16-сы амбулаториялық көмек алғаннан кейін үйлеріне жіберілді. Хирургиялық бөлімде әртүрлі ауырлық дәрежесіндегі жарақаты бар 4 науқас бақылауда, тағы 4 науқас жансақтауда, оларға ота жасалады. Қаза тапқандар жоқ", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова