Бұған дейін БАҚ пен әлеуметтік желілерде Алматыда автобуста ер адам 27 жастағы экс-жұбайына пышақпен шабуыл жасағаны туралы ақпарат пайда болды. Желіде тараған видеодан әйелді ақ футболкадағы жігіт құтқарғанын көруге болады, - деп хабарлайды TengriMIX.
Видеода әйелге көмектескен жігіт - Райымбек Медетбек. Ол - 24 жастағы қала тұрғыны. Қалалық әкімдіктің Экология басқармасында жұмыс істейді.
Ол 31 шілдеде шаштараздан үйіне қайтып келе жатқан.
"Автобусқа отырдым. Бір-екі аялдамадан кейін ер адам мен әйел отырды, кейінірек олар ұрысып, бір нәрсені талқылай бастады. Кейінірек айғайлаған дауыс естідім. Басымды көтерсем, ол әйелді ұрып жатыр екен, содан кейін тағы да ұрды. Бірден қолынан, басынан ұстап алдым. Қыз автобустың алдыңғы жағына қашып үлгерді", - деді Райымбек.
Райымбектің айтуынша, автобуста құқық қорғау органдарының қызметкері болған. Ол ер адамды ұстауға көмектесті.
"Онда құқық қорғау органдарының қызметкері болды. Қандай қызмет екенін нақты білмеймін. Ол оны жерге отырғызып, ұстады. Сөйтіп, полиция шақырды. Кейін 103-ке хабарластық. Әйел шошып қалған. Барлығы оған көмектесті, су әкеліп берді. Құқық қорғау органдарының қызметкері құжатын көрсетті. Маған одан әрі араласпауым керегін айтты, осылайша, үйге қайттым", - дейді жігіт.
Райымбек бәрі лезде болғанын жеткізді.
"Мен жақсы жерде, артта тұрдым. Қорқып үлгермедім, бірден әрекет етуім керек еді", - деді ол.
Сондай-ақ, жас жігіт автобустағы видео Желіде қандай резонанс тудырғанын көргенін атап өтті.
"Мені барлығы белгілеп жатыр, жазып жатыр. Ондайға үйренбегенмін. Мен қарапайым, тыныш жігітпін", - дейді ол.
Әйелді құтқаруға тырысқан кезде Райымбек те жарақат алған, оң қолының сүйегі жарылған, гипс салдырған. Алайда ол жұмысына кіріскен.
"Денсаулығыма байланысты демалыс сұрамадым", - дейді ол.