Алматы әкімі Ерболат Досаев автобуста әйелді бұрынғы күйеуінен құтқарған жігітті марапаттады, - деп хабарлайды Мassaget.kz.
Алматы әкімі автобуста бұрынғы күйеуі пышақпен тап берген әйелді құтқарып қалған Райымбек Медетбекпен кездесіп, ерлігі, батылдығы мен белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғыс айтып, алғыс хат пен MacBook табыстады.
23 жастағы Райымбек Медетбек Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі, Алматы қаласы экология және қоршаған орта басқармасының "Медеу" мемлекеттік өңірлік табиғи паркі" КММ жұмыс істейді.
Еске салайық, желіде ер адам бұрынғы әйелін автобуста пышақтағаны түсірілген видео тараған болатын.