Алматыда автобус пен тепловоз соқтығысуы салдарынан зардап шеккендердің жағдайы айтылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жауабына сүйенсек, жеті адам зардап шеккен.
"Жапа шеккен 80 жастағы бір науқас оң жақ қабырғаларының сынығы, білек сүйегі сынығы диагнозымен қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жатқызылды. Оның жағдайы ауыр, бірақ тұрақты деп бағаланады", - деп жазылған хабарламада.
Тексерістен соң бес науқасқа шұғыл ауруханаға жатқызу қажет болмаған. Олар тұрғылықты жері бойынша бекітілген емханаға амбулаторлық бақылауға жіберілді.
Бір науқас Алматы көпбейінді клиникалық ауруханасына жеткізілді.
Еске салайық, бүгін Алматыда Әуезов көшесінде, Гагарин көшесіне жетпей, оңтүстік бағытта автобус пен тепловоз соқтығысты.
Кейін қалалық полиция департаментінің өкілі жол апатына қатысты пікір білдірді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!