• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Автобус жүргізушілеріне алматылықтармен сыпайы сөйлесу үйретіледі

Автобус жүргізушілеріне алматылықтармен сыпайы сөйлесу үйретіледі
Фото: Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев

Алматылық қоғамдық көлік жүргізушілері жолаушылармен сыпайы сөйлесу курстарынан өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесу барысында қалалық тасымалдаушылардың қызмет көрсету сапасы туралы сұраққа жауап бергенінде айтты.

"Қоғамдық көліктегі қызмет көрсету сапасы - қала алдында тұрған міндеттердің бірі және біз бұл бағытта жеке тасымалдаушылармен де, "Алматыэлектротранс" компаниясымен де тұрақты негізде жұмыс істеп жатырмыз. Әрине, даму бар. Біз оны Open Almaty-ға түскен өтініштер құрылымынан көріп отырмыз. Қаладағы жылжымалы құрам жаңартылды, бірақ жүргізушілерге қатысты бірқатар мәселелер бар", - деді Ерболат Досаев.

Ол жүргізушілер саны мен олардың ауысымына қатысты кәсіпорындарды нормативтік қамтамасыз ету мәселесі әлі толық шешілмегенін және бұл жұмыс уақытының артық болуына әкеліп отырғанын атап өтті.

"Жүргізушілердің жалақысын тағы да көтердік және қоғамдық көлік жүргізушілерінің жұмысы беделді болуы үшін осы ойымызды жалғастырамыз деп отырмыз. Сондай-ақ, жүргізушілерді даярлау мәселесі бойынша, оның ішінде жолаушылармен қарым-қатынас мәдениеті бойынша да жұмыс істеуді тапсырдым. Біліктілікті арттыру курстарын бітіргендер жалақысына қосымша үстемақы алатын болады. Жыл соңына дейін бұл мәселелерді шешуді қолға алдық" деді Алматы әкімі. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Д. Литпин