"Майқайың алтын" АҚ аумағында қаңтарда ескі шахтаға автобуспен бірге құлаған құтқарушыларды іздеу жұмыстары жанданды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Кәсіпорын өкілдері іздеу жұмыстары күн сайын жүргізілетінін мәлімдеді.
"28 маусымда кәсіби әскери авариялық-құтқару қызметінің республикалық орталық штабының ЖШС-мен бірлесіп іздеу жұмыстары басталды. Іздеу жұмыстары күндізгі уақытта таңғы 05:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жалғасады. Жұмысты 7 шілдеде аяқтау жоспарланып отыр, қажет болған жағдайда мерзімі ұзартылады", - деді "Майқайың алтын" АҚ өкілдері.
Сондай-ақ, кәсіпорын өкілдері кестеге сәйкес қажет дайындық жұмыстары жасалғанын айтты.
Жұмыстарға бульдозер мен екі экскаватор тартылған.
"Майқайың алтын" АҚ өкілдері жұмыс орнынан суреттер жолдаған. Кадрларда ағаш қалдықтары, жыртылған құжаттар көрінеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!