- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Авиация баурап алады"....
"Авиация баурап алады". Қазақстанда қанша жасқа дейін стюардесса болып жұмыс істеуге болады?
Әлеуметтік желілерде "Эйр Астана" компаниясында стюардесса болып 10 жылға жуық қызмет еткен бойжеткеннің бейнеролигі жұртты тәнті етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Travel-ге сілтеме жасап.
Бортсерік Айжан өзінің TikTok парақшасында 2015 жылдан бергі жұмысы туралы видео жариялап, әлеуметтік желі қолданушыларының қызығушылығын тудырды. Ол осыдан 10 жыл бұрын жұмысқа кірген сәтінен бастап, тек кәсіби дағдыларын ғана емес, "макияжды қалай дұрыс қолдану керек" деген секілді қарапайым дүниелерді көрсетті.
"Эйр Астананың баспасөз қызметі қыздың компанияда 2015 жылдан бері жұмыс істейтінін растады. Ол – Өскеменнің тумасы екен. Ең бірінші жұмысқа келгенімде менің менеджерім: Авиация баурап алады. Сен мұнда бір келген соң, кеткің келмей қалады. Бұл ұзақ жылдық махаббат, - деді. Ол кезде мен бұл сөзді түсінбесемде, қазір көзім жетті", - дейді ол.
Қыз жұмыстың ең қиыны ерте тұру, ұйқысыз түндер және басқа елдердегі үлкен уақыт айырмашылығы екенін атап өтті.
"Қызметкер компанияда 10 жылдан астам жұмыс істегеннен кейін басшылықтан "қол сағаты" секілді сыйлық алады" деген қауесеттер көп. Бұл шындыққа жанасатын әңгіме екен.
"Компания бізге "Президентпен таңғы ас" ұйымдастырады. Сол кезде компания президенті сағатты өзі сыйлайды", - деді Айжан.
Сондай-ақ компания 61 жасқа дейін стюардесса болып жұмыс істеуге болатынын айтты. Баспасөз қызметінің мәліметінше, "Эйр Астанада" 10 жылдан астам тәжірибесі бар 499 бортсерік бар екен.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Зинешов