- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- “Аузым ашылып қалды“....
“Аузым ашылып қалды“. Танымал блогер Айшолпан Байтүгел кино түсірілімі туралы айтып берді
Әлеуметтік желілер арқылы танылған блогер, жас актриса Айшолпан Байтүгел "Мамский әңгіме" подкасының "Selfmade" айдарында қонақ болып, сұхбат берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Блогер Айшолпан Байтүгел танымал қазақстандық кинопродюсер Гүлнұр Мамасарипованың "Келінжан", "Күзде келген көктем" сериалдарына түсуге шақырту алған. Ол сұхбат кезінде киноға алғаш келген сәтін есіне алды.
Оның кино әлеміндегі алғашқы жұмысы "Келінжан" сериалы болған.
"Түсірілімге қатты дайындалдым. Заттарымды жинап шықтым. "Қонасың, сонда бір ай жатасың" деді. Көлік жүргізуші келіп мені алып кеткенде ішінде Қобыланды Болат пен Рүстем Жаныаманов сияқты актерлер болды. Аузым ашылып қалды. Бұлар қалай сөйлеседі екен деп, маған бәрі қызық болды. Жолдан олардың кофе сатып алғаны да маған кино болып көрінді. Түсірілімнің бірінші аптасы маған ауыз ашумен өтті", - деп сырын ақтарды актриса.
Өнер жолын алғаш блогерлікпен, TikTok желісіне арнап видео түсірумен бастаған ол кәсіби кино әлемінің мүлде басқа екенін айтты.
"Ең алғашқы түсірілім Сарамен болды. Қатты қуандым. Маған оңай болды. Сара қатты қолдау көрсетті. Дірілдедім, тыныштандыратын дәрі іштім. Желіде жұлдыз болсаң да, кино түсірілімі деген мүлдем басқа дүние екен. Қанша жерден жұлдыз болсаң да, камераның алдында сөйлей алмай қаласың", - деді ол.
Еске салайық, танымал актриса, блогер Айшолпан Байтүгел бұған дейін Асхат Садырбайға берген сұхбатында толықтығының кесірінен өзін кем сезінетіні туралы айтып еді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Д. Ибраева