- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ауызыңыздан байқауға болатын...
Ауызыңыздан байқауға болатын мына 3 белгі В12 дәруменінің жетіспеушілігін білдіруі мүмкін
В12 дәрумені ағзада орталық жүйке жүйесінің дұрыс жұмыс істеуіне, қан жасушаларының саулығына оң әсер етеді. Ұлыбританиялық медициналық журналда жарияланған зерттеу нәтижелеріне сәйкес, ауыздан байқауға болатын мына 3 белгі В12 дәруменінің жетіспеушілігін көрсетуі мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Глоссит. Бұл тілдің қабынуы, глоссит кезінде тіл ісінеді, түсі мен құрылымы өзгереді, ауырсынып, сөйлеу мен тамақтану қиынға соғады.
Дәм сезудің нашарлауы. В12 дәруменінің жетіспеушілігін білдіретін ауыздағы алғашқы белгі глоссит кезінде тіл бетіндегі ұсақ төмпешіктер жойылады. Бұл төмпешіктерде мыңдаған дәм бүршіктері бар, сондықтан дәруменнің жетіспеушілігі дәм сезу қабілетінің төмендеуіне немесе толық жоғалуына әкеп соқтыруы мүмкін.
Стоматит. Бұл ауыз қуысының жарасы немесе қабынуы. Жара бетке, қызыл иекке, тілге немесе еріннің ішкі жағына шығуы мүмкін, ол әдетте дөңгелек немесе сопақ пішінді, шеті қызыл, ал ортасы сары немесе ақ түсті болады.
Егер жоғарыда аталған белгілердің бірін байқасаңыз, бірден дәрігер кеңесін алыңыз.
Айта кетейік, бұған дейін дәрумен жетіспеушілігі денсаулыққа қаншалық қауіпті екені хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Мобильді аударымдар қашан тексеріле бастайды?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә