- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ауыздары ашылып қалыпты...
"Ауыздары ашылып қалыпты ғой". Қытайда қазақша ән шырқаған танымал блогер жұртты тамсандырды
Өзінен 6 жас кішкентай жігітке тұрмысқа шыққан танымал блогер Мереке Қалбаева Қытайда қазақша ән айтып, Желі қолданушыларын тамсандырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Блогер қазір Қытай Гуанчжоуда жүр.
"Қайшаның Қытайша білетіні қандай күшті. Мамандығы шет тілі ғой 5 тілде еркін сөйлейді. №1 десе №1.
Гуанжоудың Арбат сияқты жерінде қытай жігіт пен қыз ән айтып тұр екен. Маған "Мереке сенде айтсай" деп еді, мен де соны күтіп тұрғандай бірден кірісіп кеттім.
Гуанчжоуда біздікі Мереке ән айтқан жер ғой", - деп жазған блогер.
View this post on Instagram
Желі қолданушылары блогердің өнеріне тамсанып, түрлі пікір қалдырған.
"Жарайсыз, Мереке. Қытайлардың аузын айғара ашып, тегін концерт беріп жатсыз ғой", "Қытайга барып танымал болу керек сияқты", "Жарайсыңдар, Қытайдың аузын аштырып, әндерімізлі тыңдатыпсыңдар", "Қытайда ән айтқан қазақ қызы Мереке жарайсың!", "Мереке Қазақстаннан барып, елімізді көтеріп, ән айтып жүр", "Қазақтар осылай бір-бірімізді қолдап, шетелді тамсандырып жүре берейік, мында қытайлар өлең айтқанда өздері үндемей отырды, Мереке шыққанда бәрі таңғалып, қаумалап қарап қалды, тағы айтшы деп өтінді. Жарайсың, Мереке", - деп жазған олар.
Тағы да оқи отырыңыздар: Бірінші сыныпқа баратын бала не істей алуы керек?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Б. Жұмаділлә