Әдетте біз тұмау кезінде ауызбен тыныс аламыз: мұрын бітеліп қалғандықтан, басқа амал қалмайды. Алайда егер хал-жағдайыңызға қарамастан, ауызбен тыныс алатын әдетіңіз бар болса, одан жылдам арылу керек, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Doctorpiter" порталына сілтеме жасап.
Тыныс алудың ең дұрыс техникасы – мұрынмен терең дем алып, оны ауызбен баяу шығару. Бұл қарапайым әрекет жылдам тынышталуға, қандай да бір нәрсеге зейін қоюға және хал-жағдайды жақсартуға көмектеседі.
Әдетте біз тыныс алуды бақыламаймыз. Алайда ауырып қалған кезде мұрын ісіп кетеді, температура көтеріледі, сондықтан тек ауызбен ғана тыныс ала аламыз. Сондай-ақ ұйықтап жатқанда да тынысты бақылау мүмкін емес. Кейбір адамдар жиі аузын ашып ұйықтайды, бұл қорылдауға немесе апноэге әкелуі мүмкін.
Зерттеу бойынша, 2 мың ересек адамның ішінен 13 пайызы жүйелі түрде ауызбен дем алады екен. Ұйқы кезінде бұл көрсеткіш 18 пайызға дейін артады. Терапевт Роджер Хендерсонның айтуынша, мұндай әдет денсаулыққа қауіпті болуы мүмкін.
Дәрігер оның мынадай салдарларын атады:
Мұрын бітелсе не істеу керек?
Әрине, мұрынға арналған спрейлер мен тамшылар бар, олар жағдайды уақытша жеңілдетеді. Алайда оларға үйреніп алсаңыз, тыныс алу проблемаларынан арылмайсыз. Алдымен мұрныңызды физиологиялық ертіндімен немесе теңіз суы бар спреймен шайыңыз. Оның өзі жағдайыңызды біраз жеңілдетеді. Ары қарай тыныс алу жаттығуларын орындаңыз:
Маңызды: жаттығу жасау кезінде аузыңыз жабық болуы керек.
Сондай-ақ мұрын бітелген кезде саусағыңызбен бір және екі танауды және біруақытта екеуін бірге сағат тілімен және оған қарсы айналмалы массаж жасауға болады. Оны 10-15 рет жасау жеткілікті.