- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ауырып о дүниеге...
"Ауырып о дүниеге барып келдім". Танымал әнші денсаулығы нашарлаған кезі туралы айтты
Фото:
әлеуметтік желі
Танымал әнші Құдайберген Бекіш "Ұйқым келмейді" бағдарламасында коронавирус кезінде қатты ауырып қалғанын еске алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесінің сөзінше, аз ғана ғұмырды мәнді өткізе білу қажет.
"Сырымды айтпап едім. 2021 жылы коронавирустың кезінде қатты ауырдым. Ауырып о дүниеге барып келдім. Маған "қайтпайтын шығар" деді. Бірінші Алла, екінші ақ халатты абзал жандардың арқасында аман-есен қалдым. Сол кезде өмірдің де мәнін білдім. Қайран өмір-ай. Өмір адамға бір-ақ рет беріледі. Сол кішкентай өмірді бақытты қыламын десең өз қолыңда", - дейді әнші.
Еске салайық, бұған дейін танымал әнші 40 жыл отасқан жұбайы туралы айтқаны хабарланды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова