Ауыру өмір бойы барлығында жиі кездесетін белгілердің бірі. Ауырсынуды басу үшін адамдар арнайы көптеген ауру мен медициналық процедурамен бірге жүретін ауырсыну мен ыңғайсыздықты жеңілдетуге көмектесетін дәрі ішеді. Дегенмен, кез келген дәрі сияқты, ауырсынуды басатын дәрінің де артықшылығы мен кемшілігі бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ауырсынуды басатын дәріні әрдайым тұтыну иммунитеттің төмендеуіне әкеледі. Ауырсынуға төзудің қажеті жоқ. Егер адамның бір жері ауырса, оның кез келген ақпаратты түсінуі қиындайды. Сондықтан алдымен адамды осы негативтен айырып, содан кейін ғана диалогқа кірісу керек.
Ауырсынуды басатын дәрінің артықшылықтары
Ауырсыну басылады. Ең айқын және маңызды артықшылық. Ауырсынуды басатын дәрілер стоматологиялық мәселеден қатерлі ісікке дейін, жарақаттанудан немесе операциядан кейінгі ыңғайсыздықты жеңуге көмектесіп, әртүрлі аурудан зардап шегетін адамдардың өмір сүру сапасын жақсартады.
Денеде ауырсынудың көптеген себебі бар. Мысалы, қабыну процесі немесе жарақат. Көбінесе парацетамол, ибупрофен, вольтарен секілді қабынуға қарсы стероидты емес препараттар қолданылады.
Көңіл-күй көтеріледі. Ауырсыну физикалық ыңғайсыздық тудырып қана қоймай, психикалық жағдайға да теріс әсер етеді. Ауырсынуды басатын дәрілер ауырсынуды жеңілдетіп, көңіл-күй мен жалпы әл-ауқатты жақсартады.
Қолжетімді. Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар бірінші қатардағы қарапайым дәрілер. Олар салыстырмалы түрде арзан және дәрігердің нұсқауынсыз қолдануға болатындықтан, қолжетімді.
Ауырсынуды басатын дәрінің кемшіліктері
Ұсынылған мөлшерінен көп пайдалану. Әрбір препараттың қабылдау режимі мен максималды рұқсат етілген тәуліктік дозасы бар. Одан асып кетсеңіз, салдары бауыр мен бүйректің зақымдануы сияқты ауыр асқынуға әкеледі.
Сондай-ақ, ауырсынуды басатын дәріні бақылаусыз, ұзақ уақыт қолданар болсаңыз, қан ұюы бұзылып, асқазан-ішек жолында қан кетуге әкелуі мүмкін.
Жанама әсері бар. Ауырсынуды басатын дәрілер жүрек айну, құсу, бас айналу және іш қату сияқты жанама әсер тудырады. Ал кейбір дәрі-дәрмектер жүрек-қан тамырлары және басқа аурулардың даму қаупін арттырады.
Ауырсынуды жәй ғана басады, емдемейді
Егер патологиялық процесс емделмесе, ауырсыну жалғаса береді. Мұндай дәрілер ауруды емдемейді, ауырсынуды тек уақытша басады. Ауруды уақытша басып қою дұыс емес, себеін тауып, оны жою керек.
Тағы да оқи отырыңыз: Анорексия мен булимия деген не?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!