Ауырсынуды басатын дәрілер асқазан жарасын тудырады

Ауырсынуды басатын дәрілер асқазан жарасын тудырады
Фото: pixabay

Ауырсынуды басатын дәрілерді ұзақ қолдану ағзаға үлкен зиян келтіреді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі gazeta.ru сайтына сілтеме жасап.

Дәрігер Максим Маскиннің айтуынша, ауырсынуды басатын дәрілерді қабылдау ұзақ уақыт жалғасса, жағымсыз қауіпті құбылыстарға әкеліп соқтыруы мүмкін. Бұл асқазан-ішек жолдарының, жүрек-тамыр және зәр шығару жүйесінің бұзылуына әсер етеді.

"Мұндай препараттарды жиі қабылдау асқазанның шырышты қабығын зақымдайды, созылмалы қабынуды тудырады және асқазан жарасының даму қаупін арттырады. Сонымен қатар, ауырсынуды басатын дәрілер қан тамырларының жұмысына әсер етіп, жүрек-қан тамырлары ауруларының - инфаркт, инсульт және тромбоздың дамуын арттыруы мүмкін", - деді дәрігер Максим Маскин.

Маскиннің айтуынша, созылмалы аурулары бар және егде жастағы адамдарда асқыну қаупі жоғары. Сондай-ақ, стероидты емес қабынуға қарсы препараттарды ұзақ уақыт қолдану тәуелділіктің дамуына әкелуі мүмкін.

"Бұл дегеніміз - уақыт өте келе бұрын ауырсынуды жеңілдететін дәрінің дозасы жеткіліксіз бола бастайды", - деді дәрігер.

Маскиннің айтуынша, кейде мұндай дәрі-дәрмектерді ұзақ уақыт қолдану дұрыс емес. Ауруды асқындырмай дәрігерге қаралған жөн.

Еске сала кетейік, осыған дейін инфаркт пен инсульттың пайда бола бастағанын білдіретін 11 белгісі туралы хабарлаған едік.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Алғабек