- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ауыр қылмыс жасағаны...
Ауыр қылмыс жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген адам Алматы әуежайында ұсталды
Фото:
Polisia.kz
Алматы әуежайында ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
13 қаңтарда Алматы қаласының халықаралық әуежайында жалған құжаттармен мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде 1970 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматы С.Ш.Ахметов ұсталды. Ол 2013 жылдан бастап аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін халықаралық іздеуде болған.
Ұсталған адам Алматы қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина