Өлімге әкеп соқтырған ауыр дене жарақатын келтірді деген күдікті Ресейден экстрадицияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жәбірленушінің өліміне әкеп соққан ауыр дене жарақатын келтіргені үшін Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады.
Ол адам 2021 жылдың наурыз айында тағы да жеке тұлғаға қарсы ауыр қылмыс жасаған.
Атап айтқанда, күдікті Қостанай қаласындағы жәбірленушінің пәтерінде алкогольдік ішімдік ішу кезінде өзара араздық салдарынан жәбірленушінің басы мен денесіне көптеген жасаған соққы салдарынан жәбірленуші қайтыс болды.
Жауаптылықтан құтылғысы келген күдікті қашып кеткен, сол себепті оған халықаралық іздеу жарияланған. Күдікті іздеуде жүргенде Ресей аумағында қарақшылық шабуыл жасап, сол үшін Ресей сотымен сотталған.
Көрші мемлекетте жазасын өтегеннен кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланып, қазіргі уақытта тергеу изоляторына қамалды.
Жәбірленушінің өліміне әкеп соқтырған ауыр дене жарақатын келтіргені үшін ол 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!