Түнде Алматының Наурызбай ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде қайғылы оқиға болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алдын ала мәліметке сүйенсек, 1988 жылы туған әйел бесінші қабаттың терезесінен секіріп, өзіне қол жұмсаған. Оқиға орнына келген дәрігерлер оның қайтыс болғанын растаған.
Қазір бұл дерек бойынша Наурызбай аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр.
"Марқұм әйел осы тұрғын үй кешенінде тұрған. Алдын ала ақпаратқа сәйкес кейінгі уақытта ол жеке өміріндегі жағдайларға байланысты ауыр эмоционалды күйде болған", - деп жазылған полиция хабарламасында.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз