Ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты 2025 жылы Қазақстанда өтеді

Ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты 2025 жылы Қазақстанда өтеді
Фото: Қазақстан ауыр атлетика федерациясы

Халықаралық және Азия ауыр атлетика федерациясының басшылығымен кездесуде 2025 жылға жоспарланған ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы келесі Азия чемпионатын Қазақстанда өткізу туралы шешім қабылданды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстан ауыр атлетика федерациясы халықаралық және азиялық федерациялардың басшылығымен бірқатар кездесу өткізді. Кездесулерде тараптар ауыр атлетиканы дамыту және ынтымақтастықты нығайту мәселелерін көтерді.

Келіссөздер нәтижесінде Халықаралық федерация президенті Мұхаммед Джалуд Аль-Шаммари, Азия федерациясының президенті Мухаммад Юсуф Әл Мана және Азия федерациясының бас хатшысы Мухаммад Әл-Харби Қазақстан ауыр атлетика федерациясымен бірге жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатын 2025 жылы елімізде өткізу туралы шешім қабылдады.

Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы осы жылғы Азия чемпионаты 19-26 желтоқсан аралығында Қатардың астанасы Доха қаласында өтеді.

Еске салайық, бұған дейін Бахрейн астанасы Манамада ауыр атлетикадан ересектер арасындағы әлем чемпионаты өтті. Чемпионат қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 76 елдің ішінде жалпыкомандалық медаль есебінде үшінші орынды иеленді.

Гаджи Гаджиев Қазақстан ауыр атлетика федерациясының президенті болды

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан