- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ауылға жұмысқа баратын...
Ауылға жұмысқа баратын жастар 7 миллион теңге несие ала алады
Жас мамандар "Дипломмен ауылға" жобасы аясында тұрғын үй сатып алу үшін 7 миллион теңгеден аса бюджеттік несие ала алады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ауылдық жерлерде кадрлық әлеуетті арттыру мақсатында 2009 жылдан бастап Ұлттық экономика министрлігі "Дипломмен ауылға" жобасын іске асырып жатыр.
Бағдарламаға келесі салалардағы мамандар қатыса алады:
- Денсаулық сақтау;
- Білім;
- Әлеуметтік қамсыздандыру;
- Мәдениет;
- Спорт;
- Агроөнеркәсіптік кешен;
- Ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері.
Әлеуметтік қолдау шаралары:
- 100 АЕК (345 мың теңге - еск.) мөлшерінде біржолғы көтерме жәрдемақы төлеу;
- Тұрғын үй сатып алуға жылдық кредит сомасынан 0,01 пайыз мөлшеріндегі сыйақы мөлшерлемесімен 15 жылға 1500 АЕК-ке (5,2 миллион теңге - еск.) дейін бюджеттік кредит беру.
2009-2022 жылдар аралығында 95 мыңнан аса маман 17 миллиард теңге сомасына көтерме жәрдемақы алды, 45 мыңнан аса маман тұрғын үй сатып алу үшін 142,5 миллиард теңге сомасына бюджеттік кредиттер алынды.
Жасұлан Ордабаев
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!