- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ауылға жұмысқа баратын...
Ауылға жұмысқа баратын дәрігерлерге 9 миллион теңгеден беріледі
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов ауылға жұмысқа баратын дәрігерлерге қандай көмек көрсетілетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүгін Мәжіліс "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдап, Сенатқа жолдады.
"Дәрігерлер 9 миллион теңгеге жуық қаражатты бір мезгіл көтермеақы ретінде алады. Бұл ауылдағы дәрігерлердің жетіспеушілігі мәселесін шешуге өте маңызды болады. Бұл ретте дәрігер 5 жыл сол жерде жұмыс істеуі керек. Біздегі басты мәселе – ауылға мықты мамандарды әкелу және соған ынталандыру.
Қазірдің өзінде өз мамандығында 3 жыл істеу талабы бар. Ең төменгі жалақы мөлшері де жыл сайын арта береді. Сондықтан, дәрігерлерге айтарымыз, бір реттік ақыны алған соң, сол ауылда жұмыс істеп, орнығуы керек", - деді Аймағамбетов мәжіліс кулуарында.
Жасұлан Ордабаев
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz