Ауылдан шыққан қазақстандық танымал America's Got Talent шоуының көрермендерін таңғалдырды

Ақмола облысы Шортанды ауданы Новокубанка ауылының тұрғыны Сергей Цырульников АҚШ-тағы әлемге танымал America's Got Talent таланттар шоуына қатысып, қазылар алқасы мен көрермендерді өз күшімен таңғалдырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстандық өзінің мықты күшімен көрермендерді таңғалдырды. Ол шынжырларды қолымен үзіп, алақандарымен тақталарға шегелерді соғып, қазылар алқасында отырған нәзік жандыларға "темір лайктар" сыйлады. Қазылар алқасының төрт мүшесі де оған "иә" деді.

Сергей Цырульников - күштік нөмір бойынша төрт дүркін әлем рекордшысы, Гиннес кітабының рекордшысы және Қазақстанның алты дүркін рекордшысы. Ол сондай-ақ пауэрлифтинг және волейболдан спорт шебері.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!